previous arrow
next arrow
Slider
ХАБАРЛАНДЫРУЛАР
Яндекс.Метрика

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры ауысты

Орал. 24 қаңтар 2020 жыл. В2В –Айдана Хамидуллина. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық Кеңесі және  Басқармасының шешімімен Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болыпАйдарбек Төлепұлы Айтпукешев тағайындалды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова ұжымға жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, NIS бұрынғы директоры Шолпан Маратқызы Қадырова Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы қызметіне  тағайындалды.

 

Айдарбек Төлепұлы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын филология факультеті бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын орыс тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде бастап, кейін Жәнібек ауданындағы мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры болды.

 

Әр жылдары Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы филиалы директоры қызметін атқарды. Соңғы алты жылда Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқарған.