Орал. 16 қаңтар 2025 жыл. B2B - Абдрасул Абдрашит. Ақтөбе қаласында Ұлттық ұланның офицері майор Дмитрий Муравицкий қала көшелерінде жауынгерлік қызметті атқарып жүріп, адам өмірін құтқарудың жарқын үлгісін көрсетті.
Оқиға ағымдағы жылдың 15 қаңтарында түнгі сағат 23.30 шамасында орын алған. Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Халық банк» ғимаратының жанында белгісіз бір ер азамат ұландықтарға жүгіріп келіп, есінен танып, құлап жатқан қыз туралы хабарлады. Оның айтуынша оқиға орнына 5 минут бұрын жедел жәрдем шақырылғанын алайда әлі келмегені жөнінде айтқан. Ұлттық ұланның автопатрульдік тобы оқиға орнына дереу жетіп, оның ішінде майор Дмитрий Муравицкий жағдайды бағалап қыздың көгеріп жатқанын көріп, уақыт жоғалтпай қызды патрульдік автокөлікпен Ақтөбе қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша қыз жүрек ұстамасы ауруымен ауыратын болған. Қазіргі таңда оның жаңдайы тұрақты.
"Біздің борышымыз – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда көмек көрсету. Мұндай жаңдайға тап болғанда бастысы жылдам шешім қабылдап, адамның өмірін сақтап қалу – бұл біздің қызметіміздің ажырамас бөлігі деді, - майор Дмитрий Муравицкий.
Бұл офицердің батыл әрекеті – Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің адалдығы мен кәсібилігінің көрнісі. Бұл оқиға азаматтық борыш пен адамгершілік қасиеттердің қаншалықты маңызды екенін тағы бір дәлелдейді.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметі