Орал. 14 қазан 2022 жыл. В2В – Рауза Абилаева. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Қазақстанда ерекше мұқтаж адамдардың қажеттіліктері жеткіліксіз қанағаттандырылады. Оларды жүйелі қолдау аясында бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру қажет. Бұл санаттағы адамдарға қатысты негізгі көзқарас «мемлекет қамқорлығы емес, мүгедектің өзіне деген сенімін арттыруға, сұранысқа ие, қоғамға пайдалы маман болуға және өзі мен отбасын қамтамасыз етуге көмектесетін жағдай жасау болып табылады».
Инклюзивті білім беруді дамыту үшін Қазақстан Үкіметі жыл сайын жоғары оқу орындарына түсуге арналған мемлекеттік гранттардың жалпы санының 1%-ын мүгедектігі бар білім алушыларға бөледі. ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері инклюзивті білім беру барысында мүгедектігі бар білім алушылармен тығыз байланыста болады.
Мүгедектігі бар студенттердің университет жағдайына бейімделуі әртүрлі болуы мүмкін. Осы санаттағы студерттердің жоғары білім алуына мүмкіндік беру олардың әлеуметтік жағдайын және еңбек нарығындағы сұраныс деңгейін көтерудің тиімді тетіктерінің бірі - оларды мәдени шараларға, экскурсияларға қосу, олардың басқалардан ерекшеленбеуі үшін, өздерін тең дәрежеде сезіну үшін қажет. Осыған сәйкес университеттерге мүгедектігі бар студенттерге тиімді және көп салалы қолдау, кедергісіз қолжетімділік көрсету өте маңызды.
Қазақстандық жоғары оқу орындарына мүгедектігі бар жандардың білім алуына жағдай жасау үшін, білім беруде инклюзия жүйесін қай жағынан, қай саласын дамыту керек, мүгедектігі бар студенттер барлық техникалық қолдау құралдарын қаншалықты пайдалана алады?Осы және басқа да көптеген мәселелерді2022 жылдың 12 қазанында ұйымдастырған «Жаныңдағы жаңа мүмкіндіктер!» атты дөңгелек үстел барысында мұғалімдер, қоғам қайраткерлері, заңгерлер, мемлекеттік органдардың өкілдеріжәне ЖОО студенттері талқылап ойларын бөлісті. Бұл шара БатысҚазақстанОблысы «Жеңіс» мүгедектер қоғамдық бірлестігі ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық-консультациялық қызмет" республикалық жобасы аясындаұйымдастырды
– Қазан айында қоғам дәстүр бойынша толеранттылық, теңдік және интеграция туралы көп айтады. Біздің қоғамдық бірлестігіміз жүзеге асырып жатқан жобаның астарында да осы сөздер жатыр, – дейді қоғамдық бірлестіктің төрайымы, жоба жетекшісі Айгюль Хасангалиева.
Оның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғамдағы әлеуметтену мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру, олардың заманауи өмірге бейімделуіне және қоғамға интеграциялануына көмектесу. Негізгі міндеттерге мүгедектігі бар жандарға құқықтық және психологиялық қолдау көрсету, олардың білімі мен құзыретін арттыру, жұмысқа орналасуына жағдай жасау кіреді.
Бүгінгі таңда 200-ден астам адам онлайн, 150-ге жуық офлайн режимінде кеңес алды. Жоба тобы Қостанай облысы Рудный қаласында, Ақтөбе және Алматы, Орал сияқты қалаларда бірнеше семинарлар өткізді, онда қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ күштерін біріктіру арқылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалтуда үлкен жетістікке жетуге болатынын іс жүзінде дәлелдеді. Біздің барлық іс-шараларымызға қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері белсене қатысты. Әрбір іс-шарадан кейін психологиялық тренингтер өткізілді, қажет болған жағдайда біздің кеңесшілер үйлеріне немесе жұмыс орындарына барды. Біз YouTube арнасында өмірдің әртүрлі салаларында табысқа жеткен мүгедектігі бар адамдар туралы құрмет пен таңдануға лайық қазақстандықтарды көрсетіп, бейнероликтер орналастырдық.
Жоба аясында 116 қазақстандық қысқа мерзімді тегін курстарда оқытылды. Курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді. Орал, Рудный және Ақтөбе қалаларында аспазшы, тігінші, дәнекерлеуші, ағаш ұстасы және т.б жұмыс мамандықтары бойынша 28 адам офлайн режимде оқытылды. Қазақстанның әр өңірінен 87 адам онлайн форматта «Бухгалтерлік есеп», «Графикалық дизайн», «SMM және таргеттік жарнама», «Таргеттелген жарнама» мамандықтары бойынша білім алды. Бұл курстарды аяқтағаннан кейін бірден табыс таба бастағандар бар. Жеті адам бүгінде SMM-маркетинг, таргетинг дағдыларын сәтті қолданады және тапсырыстар алады. Рудный қаласында жұмысшы мамандықтары бойынша 10 еңбек шарты жасалған. Дөңгелек үстел баяндамашылары мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғау мәселелерін реттейтін заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру қажеттігі туралы да айтты.
– «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағында: «Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органдары салынып жатқан (құрылысы жоспарланған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізуге қатысу үшін мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тартуы керек. Ал, жергілікті сәулет органдары қабылдау комиссиясының құрамын шектеуге құқылы. Сондықтан мүгедектігі бар жандардың атынан қоғам өкілдері әдетте мұндай комиссияларға кірмейді.Соның салдарынан пайдалануға берілген нысандар кейде өз мақсатын орындамай жатады, - Ерекше білім беруді қажет ететін студенттердің мобильділігі төмен топтары үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің барлық оқу және тұрмыстық объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың оқу үдерісі үшін оларды арнайы материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықтау қажет. Сонымен қатар, салынып жатқан нысандарды қабылдау комиссияларының құрамына мүгедектігі бар адамдар атынан қоғам өкілдерін енгізуді жергілікті сәулет органдарына міндеттеу қажет, - деп атап өтті жоба заңгері Мариэтта Дәулетиярова.
Дөңгелек үстелге қатысқан Лодзь университетінің профессоры, әлеуметтік ғылымдардың докторы, гуманитарлық ғылымдардың кандидаты, дефектолог Дорота Подгорска Яхник Польшада инклюзивті білім беру жүйесі қалай құрылып жатыр, бұл елде жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерін қолдаудың қандай мүмкіндіктері бар екенін айтып бөлісті. Профессор осы мәселелерді шешу жолдарын айта келе, мұғалімдердің білім беру стандарттарын өзгерту қажеттігін баса айтты. «Жаңа мұғалімдерді дайындамас бұрын, қарапайым мектеп мұғалімдеріне ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге не көмектесетінін шешу керек», - деді профессор.
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті шара өткен жерде инклюзия жүйесіндегі жетістіктерімен таныстырды. «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Айдана Кенжеғалиева атап өткендей, бүгінде ерекше білім беруді қажет ететін 48 студент білім алуда. Университетте мұндай студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді бейімдеу бағдарламасы енгізіліп, «Жан жылуы» инклюзивті білім беру орталығы жұмыс істейді. Бұл туралы ақпарат университет сайтында жарияланған. Педагогикалық ұжымның 22%-ы инклюзивті тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Бала кезінен 1-топтағы мүгедек, көру қабілеті нашар, университеттің магистранты Арман Жұмағазиев бейімделудегі жеке тәжірибесімен бөлісті. Материалды меңгеру үшін ол ақпаратты қабылдауға ыңғайлы формаға аудару үшін кейбір әрекеттерді орындауы керек. Ол мәтіндік ақпаратты дыбысқа аударудың кейбір тәсілдері туралы айтты.
- Мысалы, көптеген басқа синтезаторлардан айырмашылығы, Microsoft Office-те қазақ тілінде дауыстық әрекет бар, бұл, әрине, басқаларға қарағанда бұні өнімді өте ыңғайлы етеді. Қазіргі уақытта мен қазақша мәтінді дыбыстаудың екі әдісін білемін. Бұл оқу машинасының көмегімен немесе компьютерлерде орнатылған jos бағдарламасымен, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша берілетін, ноутбуктерде болады. Көріп отырғаныңыздай, оқу материалын бейімдеудің көптеген жолдары бар. Көп нәрсе оқушының өзіне, оқуға деген құштарлығына байланысты, – деді Арман.
Бүгінгі таңда тек Батыс Қазақстан облысында 24 мыңнан астам мүгедектігі бар жандар болса, оның 59 пайыздан астамы еңбек жасындағы адамдар, 11 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар.
Мүгедектігі бар адамдарды оқытудың және жұмысқа орналастырудың мінсіз құрылған моделі туралы айту әлі ерте, бірақ бұл жағдайда күш-жігер талассыз фактор болып табылады, біздің өткізіп жатқан мұндай іс-шаралар мен кездесулер ішкі мотивацияға және осы санаттағы адамдардың жеке әлеуетін ашуға бағытталды,- деп атап кетті жоба жетекшісі.
Біз, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі және Республиканың Цифрлық даму министрлігіне мемлекеттік органдардың қарауына жіберілетін ұсынымдар әзірледік. Осылайша, мүгедектігі бар жандардың ЖОО-да және басқа да мемлекеттік бағдарламаларда оқу кезіндегі мүмкіндіктер мен жеңілдіктер мәселелерін, атап айтқанда, университеттің ішкі гранттары, кәсіптік оқыту, біліктілікті арттыру курстары мәселелерін көрсету бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде, мемлекеттік органдардың веб-сайттарында және мобильді қосымшаларда қолжетімділікті талап ету, оқу материалын цифрландыру кезінде мәтінді тану функциясын қолдану. Бүгін дөңгелек үстелге қатысушылар "Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдары объектілеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы"Заңды қабылдауға бастамашылық жасау туралы да ұсыныс жасады - деді дөңгелек үстелді қорытындылай келе жоба жетекшісі Айгюль Хасангалиева.